Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы министрлігінің Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Нұр-Сұлтан қаласы)» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданы, Ақтау көшесі 6/1, электрондық мекен жайы: okr.ast@emer.kz, анықтама телефондары: 8 (7172)
30-00-46,
азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарды толтыруға конкурс жариялайды:

  1. С-SV-13 санаты бойынша өрт сөндіру бөлімінің және өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы лауазымына.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95000 теңгеден бастап.

Лауазымдық нұсқаулығы: өрт және авариялық-құтқару жұмыстары туралы хабарламаларды қабылдау және қарастыру. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелерін уақытылы жіберу.

Конкурсқа қатысушыларға талап: жасы 35 жастан аспаған, білімі - орта білімнен төмен емес. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.

  1. С-SV-12 санаты бойынша адын алу тобының, өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы лауазымына.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты – 105000 теңгеден бастап.

Лауазымдық нұсқаулығы: меншік нысанына және ведомствоға қарасты тиістілікке қарамастан өндірісі объетілерінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қатысу. Жұмысшылармен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы өртке қарсы үгіт, насихат, нұсқаулықтар өткізу. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға талап: 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.

Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау орны: Нұр-Сұлтан қ. Ақтау көшсі 6/1,

6-ші кабинет (кадр саясаты бөлімі).

 

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
11 августа 2022