Қазақстан Республикасы министрлігінің Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Нұр-Сұлтан қаласы)» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданы, Ақтау көшесі 6/1, электрондық мекен жайы: okr.ast@emer.kz, анықтама телефондары: 8 (7172) 30-00-46, азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарды толтыруға конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 113000 теңгеден бастап.
Лауазымдық нұсқаулығы: өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.
Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау орны: Нұр-Сұлтан қ. Ақтау көшесі 6/1,
6-ші кабинет (кадр саясаты бөлімі).