2022 жылдың бес айында Нұр-Сұлтан қаласында 313 (2021ж.-358,-12,6%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді.
Төтенше жағдайларда 85 адам (2021ж.-16,+5,3есе) зардап шекті, оның ішінде 73 адам (2021ж.-7,+10,4 есе) ауруханаға жатқызылды және 12 адам (2021ж.–9,+33,3%) қаза тапты.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға 309 оқиға жатады(2021ж.-355,-13%), оларда 17 адам (2021ж.-13,+30,8%) зардап шекті, оның ішінде 9 адам (2021ж.-6,+50%) қаза тапты. Пайда болу көздері бойынша:
- 306 өрт (2021ж.-355,-0,8%), онда 15 адам зардап шекті (2021ж.-13, +15,4%), оның ішінде 8 адам қаза тапты (2021ж.-6, +33,3%).
- үйдегі 3 апат(2021ж.-0,+10 %), онда 2 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар -1 (2021ж.-0,+100%).
Өрттердің негізгі себептері - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу (52,2%), жылыту пештерін салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (16%), отқа абайсыз қарау (16,3%) болып табылады.
Өрттің негізгі нысандарына тұрғын секторы (51,5%) мен көлік құралдары (24%) жатады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға адамдардың тамақпен улануына қатысты 4 оқиға жатады (2021ж.-3,+33,3%), оларда 68 адам (2021ж.-3,+22,7%) зардап шекті, оның ішінде қаза тапқан 3 адам (2021ж.-3. Пайда болу көздері бойынша:
- адамдардың улануының 1 жағдайы (2021ж.-0,+100%), онда 62 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар жоқ (2021ж.-0).
-1 қауіпті метеорологиялық құбылыстар (2021ж.-0,+100%), онда 3 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар жоқ (2021ж.-0).
-1 дала өрті (2021ж.-0,+100%), онда 1 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар -1 (2021ж.-0,+100%).
-1 судағы оқиғалар (2021ж.-3,-2есе), онда 2 адам зардап шекті (2021ж.-3, -33,3%), оның ішінде қаза болғандар -2 (2021ж.-3,-33,3%).
2022 жылдың бес айында 305944 қоңырау (2021г.-307757,-0,6%) түскен.
Астаналық гарнизонның құтқару бөлімшелері 2131(2021ж.-2341,-9%) жедел сапарлар жүргізді, оларда 356 адам (2021ж.-211,+69%) құтқарылды, 81 адам (2021ж.-360,-77,5 %) эвакуацияланды, медициналық көмек 19 зардап шеккендерге (2021ж.-18,+5,6%) көрсетілді.
Бақылау-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 356 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021ж.-265,+46,8%), оның ішінде 164 тұлғаға (2021ж.-98,+67,3%) 9 млн. 257 мын 647 теңге (2021ж.-6 млн.154 мын 870 теңге,+50,4%) көлемінде айыппұл салынды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты ақпараттандыру мақсатында 872 (2021ж.-654, +33,3%) сөздер айтылды және материалдар жарияланды, оның ішінде теледидарда -106 (2021ж.-87, +21,8%), баспа беттерінде - 187 (2021ж.-155,+20,6%), радиоэфирде – 96 (2021ж.-42,+2,3есе), ақпарат агенттіктерінде - 462 (2021ж.-370,+24,9%).
Адамдардың көп болатын объектілерде динамик құрылғылары бойынша 36255 (2021ж.-4710,+7,7 есе) аудио хабарлар таратылды.