«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Нұр-Сұлтан қаласы)» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданы, Ақтау көшесі 6/1, электрондық мекенжайы: okr.ast@emer.kz, анықтама телефондары: 8 (7172) 30-00-46, азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарын толтыруға конкурс жариялайды:
С-SV-13 (С-SV-12) санаты бойынша өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің аға жүргізуші-қызметкері) лауазымына – 53 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 113000 теңгеден бастап.
Лауазымдық нұсқаулығы: өрт орнына жеке құрамды және өрт сөндіру заттарын уақытылы және қауіпсіз жеткізу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, бекітілген автомашинаның техникалық-жөндеу жағдайын қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: жасы 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. «В, С, С1, В1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.
Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтау көшесі 6/1, 6-кабинет (кадр саясаты бөлімі).