2022 жылдың төрт айында Нұр-Сұлтан қаласында 249 (2021ж.-295,-15,6%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді.
Төтенше жағдайларда 83 адам (2021ж.-10,+8,3есе) зардап шекті, оның ішінде 73 адам (2021ж.-4,+18,3 р) ауруханаға жатқызылды және 10 адам (2021ж.–6,+66,7%) қаза тапты.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға 246 оқиға жатады(2021ж.-295,-16,6%), оларда 17 адам (2021ж.-10,+70%) зардап шекті, оның ішінде 9 адам (2021ж.-6,+50%) қаза тапты. Пайда болу көздері бойынша:
- 243 өрт (2021ж.-295,-17,6%), онда 15 адам зардап шекті (2021ж.-10, +50%), оның ішінде 8 адам қаза тапты (2021ж.-6, +33,3%).
- үйдегі 3 апат(2021ж.-0,+10 %), онда 2 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар -1 (2021ж.-0,+100%).
Өрттердің негізгі себептері - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу (51,4%), жылыту пештерін салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (16,9%), отқа абайсыз қарау (11,1%) болып табылады.
Өрттің негізгі нысандарына тұрғын секторы (51,9%) мен көлік құралдары (24,7%) жатады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға адамдардың тамақпен улануына қатысты 3 оқиға жатады (2021ж.-0,+100%), оларда 66 адам (2021ж.-0,+100%) зардап шекті, оның ішінде қаза тапқан 1 адам (2021ж.-0,+100%). Пайда болу көздері бойынша:
- адамдардың улануының 1 жағдайы (2021ж.-0,+100%), онда 62 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар жоқ (2021ж.-0).
-1 қауіпті метеорологиялық құбылыстар (2021ж.-0,+100%), онда 3 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар жоқ (2021ж.-0).
-1 дала өрті (2021ж.-0,+100%), онда 1 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар -1 (2021ж.-0,+100%).
2022 жылдың төрт айында 264466 қоңырау (2021г.-268793,-1,6%) түскен.
Астаналық гарнизонның құтқару бөлімшелері 1554 (2021ж.-1530,+1,6%) жедел сапарлар жүргізді, оларда 339 адам (2021ж.-173,+96%) құтқарылды, 66 адам (2021ж.-314,-4,8 %) эвакуацияланды, медициналық көмек 18 зардап шеккендерге (2021ж.-13,+38,5%) көрсетілді.
Бақылау-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 285 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021ж.-166,+71,7%), оның ішінде 116 тұлғаға (2021ж.-64,+81,3%) 5 млн. 863 мын 375 теңге (2021ж.-4 млн.124 мын. 092 теңге,+42,2%) көлемінде айыппұл салынды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты ақпараттандыру мақсатында 691 (2021ж.-484, +42,8%) сөздер айтылды және материалдар жарияланды, оның ішінде теледидарда -77 (2021ж.-72, +6,9%), баспа беттерінде - 153 (2021ж.-117,+30,8%), радиоэфирде – 78 (2021ж.-32,+2,4есе), ақпарат агенттіктерінде - 383 (2021ж.-263,+45,6%).
Адамдардың көп болатын объектілерде динамик құрылғылары бойынша 25067 (2021ж.-2654,+9,4 есе) аудио хабарлар таратылды.