Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылдың үш айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

2022 жылдың үш айында  Нұр-Сұлтан қаласында 188 (2021ж.-238,-21%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді.                                          Төтенше жағдайларда 81 адам (2021ж.-8,+10,1есе)  зардап шекті, оның ішінде 73 адам (2021ж.-4,+18,3 р) ауруханаға жатқызылды және 8 адам (2021ж.–4,+2есе) қаза тапты.                       Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға 186 оқиға жатады(2021ж.-238,-21,8%), оларда 16  адам (2021ж.-8,+2есе) зардап шекті, оның ішінде 8 адам (2021ж.-4,+2есе) қаза тапты. Пайда болу көздері бойынша:                                                                                                                                       - 185 өрт (2021ж.-238,-22,3%), онда 15 адам зардап шекті (2021ж.-8, +87,5%), оның ішінде 8 адам қаза тапты (2021ж.-4, +2 есе).                                                         - үйдегі  1апат(2021ж.-0,+10 %), онда 1 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар жоқ (2021ж.-0).                                                                      Өрттердің негізгі себептері - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу (52,3%), жылыту пештерін салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (18,8%), отқа абайсыз қарау  (9,7%) болып табыладыӨрттің негізгі нысандарына тұрғын секторы (53,5%) мен көлік құралдары (24,7%) жатады. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға адамдардың тамақпен улануына қатысты  2 оқиға жатады (2021ж.-0,+100%), оларда 65 адам (2021ж.-0,+100%) зардап шекті, оның ішінде қаза тапқан адам жоқ (2021ж.-0). Пайда болу көздері бойынша:

- адамдардың улануының 1 жағдайы (2021ж.-0,+100%), онда 62 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар жоқ (2021ж.-0).

-  1 қауіпті метеорологиялық құбылыстар (2021ж.-0,+100%), онда 3 адам зардап шекті (2021ж.-0, +100%), оның ішінде қаза болғандар жоқ (2021ж.-0).

2022 жылдың екі айында тұрғындардан «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне 205815 қоңырау(2021г.-224806,-8?4%) түскен. Астаналық гарнизонның құтқару бөлімшелері 1071 (2021ж.-1052,+1,8%) жедел сапарлар жүргізді, оларда 327 адам (2021ж.-138,++2,4есе) құтқарылды, 63 адам (2021ж.-196,-67,9%) эвакуацияланды, медициналық көмек 13 зардап шеккендерге (2021ж.-13) көрсетілді. Бақылау-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 189 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021ж.-115,+64,3%), оның ішінде 73 тұлғаға  (2021ж.-т33,+2,2 есе) 3 млн. 200 мын теңге (2021ж.-2млн.353 мын. теңге,+36%) көлемінде айыппұл салынды. Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты ақпараттандыру мақсатында 523 (2021ж.-365, +43,3%) сөздер айтылды және материалдар жарияланды, оның ішінде теледидарда -58 (2021ж.-55, +5,5%), баспа беттерінде - 129 (2021ж.-93,+38,7%), радиоэфирде – 60 (2021ж.-26,+2,3%), ақпарат агенттіктерінде - 276 (2021ж.-191,+44,5%). Адамдардың көп болатын объектілерде динамик құрылғылары бойынша 13662 (2021ж.-2608,+5,2 есе) аудио хабарлар таратылды.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылдың үш айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
Дата публикации
07 апреля 2022