Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылдың екі айында болған
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
шолу ақпарат
2022 жылдың екі айында Нұр-Сұлтан қаласында 128 (2021ж.-165,-22,4%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді. Төтенше жағдайларда 74 адам (2021ж.-8,+9,3есе) зардап шекті, оның ішінде 68 адам (2021ж.-4,+17 р) ауруханаға жатқызылды және 6 адам (2021ж.–4,+50%) қаза тапты.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға 127 оқиға жатады(2021ж.-165,-23%), оларда 12 адам (2021ж.-8,+50%) зардап шекті, оның ішінде 6 адам (2021ж.-4,+50%) қаза тапты.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу көздері бойынша өрттерге қатысты. Өрттердің негізгі себептері - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу (52,3%), жылыту пештерін салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (20,6%), отқа абайсыз қарау (11,2%) болып табылады.Өрттің негізгі нысандарына тұрғын секторы (53,2%) мен көлік құралдары (25,2%) жатады. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға адамдардың тамақпен улануына қатысты 1 оқиға жатады (2021ж.-0,+100%), оларда 62 адам (2021ж.-0,+100%) зардап шекті, оның ішінде қаза тапқан адам жоқ (2021ж.-0). 2022 жылдың екі айында тұрғындардан «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне 106809 қоңырау(2021г.-107276,-0,4%) түскен. Астаналық гарнизонның құтқару бөлімшелері 704 (2021ж.-725,-2,9%) жедел сапарлар жүргізді, оларда 39 адам (2021ж.-35,+11,4%) құтқарылды, 31 адам (2021ж.-46,-32,6%) эвакуацияланды, медициналық көмек 7 зардап шеккендерге (2021ж.-11,-36,4%) көрсетілді. Бақылау-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 118 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021ж.-61,+93,4%), оның ішінде 50 тұлғаға (2021ж.-13,+3,8 есе) 1 млн. 699,9 мын теңге (2021ж.-546,7млн.тг.,+3,1есе) көлемінде айыппұл салынды. Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты ақпараттандыру мақсатында 330 (2021ж.-238,+38,7%) сөздер айтылды және материалдар жарияланды, оның ішінде теледидарда -36 (2021ж.-35, +2,9%), баспа беттерінде - 69 (2021ж.-55,+25,5%), радиоэфирде – 37 (2021ж.-21,+76,2%), ақпарат агенттіктерінде - 188 (2021ж.-127,+48%). Адамдардың көп болатын объектілерде динамик құрылғылары бойынша 1184 (2021ж.-1142,+3,7%) аудио хабарлар таратылды.