Елордалық ТЖ департаментінде ТЖ комиссиясының отырысы өтті.
2022 жылғы 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Қизатовтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті.
Комиссияға қаланың барлық азаматтық қорғау қызметтері қатысты. Күн тәртібінде көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындық тақырыптары, 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне алдын ала болжам, Контрреттегішті қайта құру барысы туралы, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық мүдделі ұйымдар мен мемлекеттік органдарға елорда аумағындағы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды барынша азайтуға бағытталған азаматтық қорғау жүйесін одан әрі дамыту туралы тапсырмалар берілді.