2021 жылдың Нұр-Сұлтан қаласының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

2021 жылдың Нұр-Сұлтан қаласының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

2021 жылдың Нұр-Сұлтан қаласында 731 (2020ж.-635,+15,1%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді.

Төтенше жағдайларда 46 адам (2020ж.-100,-54%) зардап шекті, оның ішінде 25 адам (2020ж.-73,-65,8%) ауруханаға жатқызылды және 21 адам (2020ж.–27,-22,2%) қаза тапты.

721 (2020ж.-627,++15%) техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, оларда 36 адам (2020ж.-82,-56,1%) зардап шекті, оның ішінде 11 адам (2020ж.-22,     -50%) қаза тапты.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың 98,6% пайда болу көздері бойынша өрттерге қатысты, оларда болжамды материалдық шығын 179,3 млн теңгені (2020ж.-17,9млн.тг.,+10 есе) құрады.

Өрттердің негізгі себептері - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу (407жағдай), жылыту пештерін салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (131жағдай), отқа абайсыз қарау  98 жағдай) болып табылады.

Өрттің негізгі нысандарына мыналар жатады: тұрғын сектор (330), көлік құралдары (210), сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары (57), құрылыс нысандары (41).

10 табиғи сипаттағы төтенше жағдай тіркелді (2020ж.-8,+25%), оларда 10 адам (2020ж.-18,+44,4%) зардап шекті, олардың 10-сы (2020ж.-5,) қаза тапты.

Табиғи төтенше жағдайға судағы оқиғалар (10 жағдай), онда 10 адам қаза тапты.

2021 жылдың тұрғындардан «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне 625764 қоңырау(2020г.-431451,+45%) түскен.

Астаналық гарнизонның құтқару бөлімшелері 5496 (2020ж.-4144,+32,6%) жедел сапарлар жүргізді, 410 адам (2020ж.-1454,-71,8%) құтқарылды, 562 адам (2020ж.-485,+15,9%) эвакуацияланды, медициналық көмек 63 зардап шеккендерге (2020ж.-88,-28,4%) көрсетілді.

Бақылау-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде өрт жағдайына 1367 тексеру (2020ж.-978,+40,7%) жүргізіліп, онда 7182 құқық бұзушылық анықталды (2020ж.-2725,+2,6есе), 719 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2020ж.-483,+48,9%), оның 258-на (2020ж.-133,+2 есе) 18,2 млн.теңге (2020ж.-8,7млн.,+2,1есе) көлемінде айыппұл салынды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты ағарту және ақпараттандыру мақсатында 2197 (2020ж.-1967,+11,7%) сөздер айтылды және материалдар жарияланды, оның ішінде теледидарда -224 (2020ж.-194, +15,5 %), баспа беттерінде - 394 (2020ж.-393, +0,3%), радиоэфирде – 519 (2020ж.-607,-14,5), ақпарат агенттіктерінде - 1060 (2020ж.-773,+37,1%).

Адамдардың көп болатын объектілерде динамик құрылғылары бойынша 47987 (2020ж.-9314,+5,2 есе) аудио хабарлар таратылды.

2021 жылдың Нұр-Сұлтан қаласының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
Дата публикации
20 января 2022