ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Нұр-Сұлтан қаласы)» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы 4, электрондық мекенжайы: okr.ast@emer.kz, анықтама телефондары: 8(7172) 24-87-73, 94-99-08,факс: 94-99-28, азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарын толтыруға конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 113000 теңгеден бастап.
Лауазымдық нұсқаулығы: өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 113000 теңгеден бастап.
Лауазымдық нұсқаулығы: өрт орнына жеке құрамды және өрт сөндіру заттарын уақытылы және қауіпсіз жеткізу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, бекітілген автомашинаның техникалық-жөндеу жағдайын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға талаптар: жасы 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. «В, С, С1, В1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.
Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы 4,
3-кабинет (кадр саясаты бөлімі).