Бүгін елордалық ТЖД Полиция департаментімен бірлесіп онлайн-брифинг кезінде жаңа жылдық мерекелер қарсаңындағы және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің сақталуы жайлы еске салды.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында елорда тұрғындары арасында пиротехникалық бұйымдар үлкен сұранысқа ие болады. Мерекелік көңіл-күйдегі адамдар қауіпті отшашулар, өрт сөндіргіштер және басқа да бұйымдарды сатып алу және пайдалану кезінде қарапайым сақтық шараларын ұмыта бастайды. Белгілі болғандай, аталған өнімді пайдалану, сақтау және сату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.Пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау өрттерді тудыруы мүмкін және әртүрлі ауырлықтағы термиялық жарақат алу қаупін тудырады.Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан болған өрттердің салдарынан Нұр-Сұлтан қаласының аумағында зардап шеккендерді ведомстволық есепке алу тіркелген жоқ. Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Пиротехникалық бұйымдарды сатып алу кезіндегі қауіпсіздік мақсатында оларды тек мамандандырылған дүкендерде және қызметтің осы түріне тиісті лицензиялары бар стационарлық сауда орындарынан сатып алу қажет. ПБ сатып алу кезінде сатушылардан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйым үшін оларды қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық жазылған нұсқаулық міндетті түрде болуы тиіс, нұсқаулықпен танысқан кезде оның сақталу мерзіміне назар аударыңыз (егер тауар мерзімі өтіп кеткен болса, онда оны ешбір жағдайда пайдалануға болмайды).
Пиротехникалық бұйымдарды пайдалана отырып, жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізу мақсатында келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береміз: - отшашуларды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр жақын жерде, ағаштардың астына орнатуға, сондай-ақ желді ауа райында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға жол берілмейді. Мереке күндеріндегі қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін отшашулар мен шартылдақтарды тек мамандандырылған дүкендерден алу керек, бірақ ешбір жағдайда оларды сақтау шарттары сақталмайтын сауда орындарынан сатып алмаған жөн. Температуралық режимдердің сақталмауына байланысты пиротехника қолда жарылуы мүмкін. Күмәнді сапалы өнімді сатып алмаңыз, қажетті сертификаттарды талап етіңіз және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өртке әкеп соқтыруы мүмкін пиротехникалық бұйымдарды және ашық от көздерін қолданумен байланысты арнайы от әсерлерін жүргізу қажет болған кезде отшашуды өткізетін ұйымның басшысы төмендегі ережелерді қамтитын өрттің алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асыруы қажет:
1) отшашудың басталу және аяқталу күні, орны, уақыты, пиротехникалық қондырғыларды орналастыру сызбасы , пайдаланылатын бұйымдардың сипаты;
2) ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтықты көрсете отырып, отшашу, пиротехникалық бұйымдарды сақтау және монтаждау пункттерін жергілікті жерге байланыстыру сызбасын және қауіпті аймақтың шекараларын көрсете отырып, отшашу өткізу орнын қоршау сызбасын ;
3) отшашулар өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық;
4) өрт сөндіру құралдарын орналастыру сызбасы;
5) өрттің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Пиротехникалық бұйымдар іске қосылатын алаңдарда темекі шегуге және от жағуға, пиротехникалық құралдарды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
Отшашулар орнатылатын орындарды күзетуді отшашу өткізетін ұйым жүзеге асыруы қажет.
Іске қосу алаңдарын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштермен, суы немесе құмы бар ыдыстармен) қамтамасыз ету қажет.
Отшашу аяқталғаннан кейін жарамсыз бұйымдар мен пиротехникалық зарядтардың элементтерін анықтау және жинау мақсатында іске қосу алаңы мұқият тексеріледі.
Есіңізде болсын! Сіздің қауіпсіздігіңіз бірінші кезекте сіздің қолыңызда. Жаңа жылдық жарық әшекейлерінің жануына жол берму үшін тек қана сертификатталған өнімдерді қолданыңыз, сымдар оқшауланған және арнайы қысқыштардың көмегімен жалғануы тиіс, сондай-ақ ашық оттың шыршаға тиіп кетуіне жол бермеңіз.