Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2021 жылдың екі айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша шолу – аналитикалық ақпарат

2021 жылдың екі айында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 166 төтенше жағдай тіркелді(2020ж.–102,+62,7%), оның ішінде  техногендік сипаттағы ТЖ –165оқиға (2020ж.-101,+63,4 %) табиғи сипаттағы ТЖ– 1 оқиға (2020ж.-1).

Төтенше жағдайдан 6601адам зардап шекті (2020ж.–20,+330,1есе), оның ішінде 6577 адам жарақаттанып(2020ж.–10,+657,7есе) ,24 адам қаза болды (2020ж.–10,+2,4есе).

Өрттер

2021 жылдың екі айында қала аумағында 148 өрт тіркелді(2020ж.-92,+60,9%). Өрт кезінде 3 адам зардап шекті(2020ж.-10, -70%), оның ішінде 4 адам қаза болды (2020ж.–10,-60%).

Өрттің шығуының негізгі себептері тұрмыстық электр құралдарын пайдалану барысында техникалық ережелердің бұзылуы(78 жағдай немесе 52,7%)мен пештердің құрылғыларында және қолданғанда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау (45жағдай немесе 30,4%).

 Өрттер аудандар бөлінісінде

 

2021 жылдың екі айында өрттердің ең көп саны «Алматы» және«Сарыарқа» аудандары бойынша тіркелді – 40 оқиғадан.

Құтқару бөлімшелерінің жұмысы

2021 жылдың екі айында құтқару бөлімшелерімен  724 жедел шығу жұмыстары жасалды (2020ж. -593, +22,1 %), жедел жұмыстарды жүргізу барысында:

- 35 адам құтқарылды (2019ж. -1161, -97%);

- 46 адам эвакуацияланды (2020ж.-101, -54,5%);

- 11 адамға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді (2020ж. -36,                    -69,4%).

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2021 жылдың екі айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша шолу – аналитикалық ақпарат
Дата публикации
15 марта 2021