2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 102 төтенше жағдай тіркелді(2020 ж.–56,+1,8есе), оның ішінде техногендік сипаттағы ТЖ –101оқиға (2020ж.-55,+1,8есе), табиғи сипаттағы ТЖ– 1 оқиға (2020ж.-1). Төтенше жағдайдан 3768 адам зардап шекті (2020 ж.–11, +342,5 есе), оның ішінде 3748 адам жарақаттанып(2020 ж.–4, +937 есе), 20 адам қаза болды(2020ж.–7,+2,9есе).
Өрттер
2021 жылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша қала аумағында 90 өрт тіркелді (2020ж. -46,+95,7%). Өрт кезінде 5 адам зардап шекті(2020ж.-10, -50%), оның ішінде 4 адам қаза болды(2020ж.–6,-33,3%).
Өрттің шығуының негізгі себептері: тұрмыстық электрқұралдарын пайдалану барысында техникалық ережелердің бұзылуы(47жағдай немесе 52,2%), пештердің құрылғыларында және қолданғанда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау (31жағдай немесе 34,4%),
Өрттер аудандар бөлінісінде
2021 жылдың қаңтар айында өрттердің ең көп саны "Сарыарқа"ауданы бойынша тіркелді-25(27,7%).
Құтқару бөлімшелерінің жұмысы
Есепті кезеңде құтқару бөлімшелері 344 (2020 ж.-280) жедел шығуларды жүзеге асырды, +22,9% - ға ұлғайды.
Құтқару және басқа да жедел жұмыстарды жүргізу барысында:
- 6 адам құтқарылды (2019ж. -198, -97%);
- 45 адам эвакуацияланды (2020ж.-73, -38,4%);
- 2 адамға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді (2020ж. -28, -92,9%).