Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру және бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде жергілікті атқарушы органның нақтыланған бюджеті туралы мәліметтердің ресми порталда орналастырылғаны туралы жұртшылықты хабардар етеді.
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №467/59-VIII «Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджети туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №352/47-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес елорданың басты қаржы құжатына өзгерістер енгізілді.
Халық пен мүдделі тараптар үшін ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген бюджеттік бағдарламаларға тікелей сілтемелер жарияланды. Атап айтқанда, азаматтар «005 Бюджеттік бағдарлама («Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қалалық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою»)»бағдарламасының параметрлерімен таныса алады.
Бағдарламаның егжей-тегжейімен «Ашық бюджеттер» порталында танысуға болады: 005 бюджеттік бағдарламасы (Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қалалық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою)
Бұл мәліметтерді орналастыру азаматтардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы бюджет қаражатының қалай жоспарланатыны және жұмсалатыны, сондай-ақ елордалық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту мен дамыту туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.