ҚР ІІМ басшысы атынан 18 жасар алматылық азаматқа судағы адамды құтқарғаны үшін марапат табысталды

ҚР ІІМ басшысы атынан 18 жасар алматылық азаматқа судағы адамды құтқарғаны үшін марапат табысталды

Бүгін ҚР Конституциясы Күніне орай ТЖ Департаменті марапаттау рәсімін өткізді. Ішкі істер министрлігінің басшылығымен суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін Алматы полиграфия колледжінің студенті Марғұлан Дүйсеш пен Алматы қаласы Әкімі Аппараты Құтқару қызметінің қызметкері Хозы Бүркітбайхан марапатталды.  

Марапаттау рәсімін Алматы қаласы ТЖ Департаментінің бастығы, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, жаз айының басында Сайран су қоймасына шомылуға суға түскен 43 жастағы ауған азаматы үшін демалыс қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыра жаздады. Шетелдік қонақты  жағажайда демалып жатқан Алматы қаласының тұрғыны  18 жастағы Марғұлан Дүйсеш судан құтқарып алды. Суға батып бара жатқан адамды көрген Марғұлан тез арада жүзіп келіп, жағаға шығарды. Осы кезде су қоймасының жағасында кезекшілік еткен 109 Құтқару қызметінің  қызметкері Хозы Бүркітбайхан да көмекке келіп үлгерді. Жігіт зардап шегушіні жағаға шығарған сәтте, жүгіріп жеткен құтқарушы алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, айтулы мереке қарсаңында ТЖК аймақтық бөлімшелері,  ТЖ Департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды. Олардың қатарында штаб бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жанат.Бимбетова, ӨСҚД жедел кезекшісі, азаматтық қорғау майоры Диас Мусин, 1 ӨСБ аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Евгений Мальцев, арнайы жасақ аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Жандос.Біләлов, РЖҚЖ құтқару бөлімшесінің басшысы Е.Д. Марқабаев, «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу орталығы» АҚ-ы сынақ орталығының бастығы Аманжолов Мурат, МКО фельдшері Өтеналиев Жайылхан және Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері Д.В. Заборскийге кезекті әскери подполковник шені табысталды.

«ТЖ Департаментінің ұжымы үшін мерейтойлық салтанатты шаралардың арасында Қазақстан Республикасының Конституция Күнін мерекелеу ерекше орын алады. Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайтыны сияқты, қаламыздың төтенше жағдайлар қызметі азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге шақырылады. Ағымдағы жылдың 7 айында алматы гарнизонының құтқарушыларымен 160-тан астам адам құтқарылып, эвакуацияланды! Бүгінгі мереке күні Сіздерге және  жақындарыңызға зор денсаулық, сәттілік пен өркендеу тілеймін!»- деп түйіндеді Алматы қаласы ТЖ Департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров.