Тәуелсіздік таңдары: алматылық құтқарушылар музейге барып қайтты

Тәуелсіздік таңдары: алматылық құтқарушылар музейге барып қайтты

Тәуелсіздік күнін атап өту аясында ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен бұрынғы «Верный» балалар үйінің ғимаратында  орналасқан - “Алматы” музейінде тағылымдық кеш өтті.

Кездесу барысында қызметкерлер тәуелсіздікпен тығыз байланысты қала дамуымен терең таныстырылды, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің аға ғылыми қызметкер  Бинара Қалқабекқызының қызықты лекциясымен  тарих қойнауына үңіліп,  ел дамуы, бүгінгі күнгі бейбіт елдің тыныс тіршілігімен таныстыратын танымды лекцияға жалғасты.

 Маңызды даталар еске алынып тіпті қызметкерлер өзара сұрақ қойысып тағлымы мол тартымды кешке айналды.