
Дүниежүзінде жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты халықаралық науқаны аясында Алматы қаласы гарнизонының Әйелдер кеңесінің кезекті отырысы психологиялық тренинг түрінде өткізілді. Тренинг барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелері қарастырылып, әйелдер қауымының психологиялық және психосоматикалық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.