Алматы қаласының ТЖД воркшоп ұйымдастырылды

Алматы қаласының ТЖД воркшоп ұйымдастырылды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ) бірлесіп, «Алматы қаласы мен маңындағы аудандардың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру мақсатындағы серіктестік» тақырыбында ҚазҰУ базасында воркшоп өткізілді.

Воркшопқа Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мен «Қазселденқорғау» ММ мамандары және Алматы қаласын дамыту орталығының басшылығы қатысты. Іс-шара барысында Табиғатты ұтымды және тұрақты пайдалану орталығының лабораториялары, ҚазҰУ суперкомпьютері мен «Сейсмология және геодинамика» саласында жүргізіліп жатқан зерттеулер мен жобалар таныстырылды.

Воркшоп қортындысы бойынша тараптар жағынан аталған тақырыпта бұдан әрі қарым-қатынасты жандандыруға және дамытуға тиісті ұсыныстар қабылданды.

 Алматы қ. ТЖД