Алматыда “Мемлекеттік тіл және құтқарушы» атты тіл сайысы өтті

Алматыда “Мемлекеттік тіл және құтқарушы» атты тіл сайысы өтті

Дәстүрге айналғын сайыс мемлекеттік тіл қолдану  аясын арттыру мақсатында өткізілді.

Конкурсқа әрқайсысы 3 қызметкерден тұратын 19 команда қатысты. Сайыс келесі кезеңдерден тұрды:

1. Сәлемдесу — команданы, өздері қызмет атқарататын бөлімдерді мемлекеттік тілде көркемдеп таныстыру.

2.Шығармашылық номер — қатысушылар бойларындағы таланттарын шығаратын мүмкіндік, өз шығармашылықтарын оқу.

3. Мақал-мәтелдер — Ана тілі, ерлік, Отан, ел-жер туралы мақал-мәтелден жарыс.

Байқаудың нәтижесі бойынша өз таланттарымен көзге түскен командалар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:

* Бас жүлде – №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы;

* 1 орын - №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы;

* 2 орын - №9 өрт сөндіру бөлімінің командасы;

* 3 орын - №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы;

Сондай ақ командалар арасында жеке дара ерекшеленген қызметкерлер де болды, атап айтқанда:

* Алғыс хат және сыйлықпен - №9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Үмбеталиев Даулетияр Махсетбайұлы марапатталды;

* Алғыс хат және сыйлықпен - №12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Нұрақымбай Жасұлан Жеңісұлы марапатталды;

* Алғыс хат және сыйлықпен - №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Әділбеков Жақсылық Данилұлы марапатталды;

 Жеңімпаз командаларларға бейбіт  елде, ел тыныштығы мен халық қазынасын сақтауда атқарып жатқан қызметтеріне табыс, жанұяларына  бақыт тілей отырып құнды сыйлықтар мен мемлекеттік тілді дамыту мен қолданылу аясын кеңейтуге қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясы кең, аспанымыз ашық, еліміз аман болсын, құрметті әріптестер!