Отан - отбасынан басталады!

Отан - отбасынан басталады!

 Алматы қаласы ТЖД отбасы күнін өткізілуіне орай сіздердің назарларыңызға Оспанов Қуаныш Мұратұлы және Кадирова Акбала Талгатовна жанұясын таныстырғымыз келеді.


Үйде отағасы, асқар тау әке, арқа сүйер басшы және жұмыста мықты маман ретінде білетін Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұратұлы.
Қуаныштың айтуынша  - отбасы, ол шағын мемлекет.
Шағын мемлекеттің ұстанымы отбасылық құндылықтарды сақтау, балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру.

Үйдегі аяулы ана, адал жар, өз ісінің маманы, бұл - Акбала Талгатқызы.  Департаментіміздің құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл тобының бас маманы. Акбаланың айтуынша әйел әрдайым отбасының тірегі. Біздің сала оңай болмағандықтан әрдайым Қуанышқа қолдау білдіріп жүреді. Отбасыдағы басты құндылықтардың бірі ол - ауызбіршілік, татулық, деп санайды бас маман.