
Әуезов ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Бұл байқауға спорттық, шығармашылық, сондай – ақ қоғамдық пайдалы қызметпен еріктілік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлікпен айналысатын отбасылар қатысты.
Биыл Алматы қаласы бойынша 235 отбасы конкурсқа қатысуға өтініш білдірді, соның ішінде 32 отбасы Әуезов ауданынан қатысуға өтініш білдіріп, Асылбаевтар отбасы аудандық байқаудың жеңімпазы атанып, 400000 тенге ақшалай сыйақы жеңіп алды.
Айта кетсек, Асылбаев Абай Болатұлы еңбек жұмысын 2007 жылдан өрт сөндіру қызметінен бастап, қазіргі таңда Алматы қаласы ТЖД Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры. Қазіргі таңда 3 ұлды, 2 қызды тәрбиелеп отыр. Отбасы – шағын мемлекет. Ал, шағын мемлекеттің қызығы мен бақыты ол біздің балаларымыз. Сондықтан, еліміздің болашағы, дамуы осы балаларымыздың қолында.
Бұл байқауда Асылбаевтар отбасы отбасылық құндылықты көрсете отырып, бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің маңызы зор екенін атап өтті. Абай Болатұлы жұмысының ауырлығына қарамастан, аудандық байқауды қатар ала отырып, отбасылық құндылықтың маңызы зор екенін дәлелдеді.