
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, бөлімдердің аумақтарының тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір қызметкердің басты міндеті.
Тазалықты жанына серік еткен Алматы қаласының өрт сөндірушілері бүгін ерекше белсенділік танытуда. Гарнизонды көріктендіру, көгалдандыру мақсатында биыл 590 ағаш отырғызылды.
Санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу де жүйелі түрде атқарылып келеді.
Ұйымшылдықпен атқарылған істің нәтижесінде 10 түп раушан тұқымы, 20 дана шырайгүл, 25 дана наурызгүл, 50 дана мирабилис өсімдігі, 40 дана бархаткалар және 11 түп астра тұқымы мен 50 дана гладиолус гүлдері егілді.