
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Азаматтық қорғаныс ардагері, Алматы қаласы мен Алматы облысының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Леонид Юзефович Гирштің қайтыс болуына байланысты, туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтады.
Леонид Юзефович Гирш Алматы қаласының Азаматтық қорғаныс Штабын басқарды, Алматы облыстық және қалалық компартиясының мүшесі және төртінші шақырылған Алматы қаласы халық депутаттары Кеңесінің депутаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болды.
Өзінің қызметін адал атқара отырып, еліміздің Азаматтық қорғаныс жүйесін құруға, дамытуға және жетілдіруге зор үлесін қосты.
Көптеген кітаптардың, проза мен поэзиялардың авторы болды, мақалалары Республикалық және жергілікті мерзімді басылымдарда жиі жарыққа шығып тұрды.
Оның жас ұрпақ құтқарушыларды тәрбиелеуге қосқан үлесіне баға жетпейді! Соңғы күндерге дейін ол біздің ұжымның белсенді мүшесі болды!
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі