20 маусымда «Amanat» партиясының қалалық филиалы жанындағы Экономика, мемлекеттік басқаруды дамыту, қоғамдық және сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Кеңестің күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Алматы қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша мемлекеттік органдар құзыретіне қарасты тармақтардың орындалу барысы бойынша тыңдалым өтті.
Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Бағдат Чайзада Жол картасының орындалуы бойынша баянат жасап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.