«Медицина қызметкері күнін» мерекелеуге орай Департаменттің «Алғыс хатымен» медицина саласындағы 6 қызметкер марапатталды.

«Медицина қызметкері күнін» мерекелеуге орай Департаменттің «Алғыс хатымен» медицина саласындағы  6 қызметкер марапатталды.

Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Бағдат Чайзада келесі медицина қызметкерлерін марапаттады.
Қазақстан Республикасы медициналық апаттар орталығы мемлекеттік мекемесі филиалының жедел медициналық көмек көрсету бөлімінің басшысы Ғалымжан Аманбайұлы Мұқашев
Қазақстан Республикасы медициналық апаттар орталығы мемлекеттік мекемесі филиалының қабылдау-эвакуациялау бөлімшесінің мейіргері Алтынай Аманжолқызы Ракишева.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті поликлиникасы» мемлекеттік мекемесінің учаскелік терапевті Ардақ Жасболатқызы Тоқсанбаева.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі әскери-дәрігерлік комиссиясының мейіргері Айсұлу Мақашпайқызы Қажкенова.
Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі Мамандандырылған жасағының дәрігері азаматтық қорғау капитаны  Ержанбек Сайланбекұлы Сайланбек.
Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің фельдшері азаматтық қорғау аға сержанты Жансая Маратқызы Жақсылық.
Оларға Отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлкен жеке үлесі, адал ниетті еңбектерімен қызметкерлеріміздің денсаулығына деген ықылас-қамқорлығы үшін Алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жаңа жетістіктер тіледі.