31 мамыр күні Алматы қ ТЖД гарнизоны саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

31 мамыр күні Алматы қ ТЖД гарнизоны саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алматы қ. ТЖД қызметкерлері мұражайға экскурсияға барып қайтты

Алматы облысы Жаңалық ауылында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандары екерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды, әрі қарай қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге саяхат жасады.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар мемориалдық кешеннің 2018 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша салынғанын білді. Мұражай экспонаттары негізінен жеке істерінен алынып, сондай-ақ, қызметкерлердің өздері мұрағаттардан тапқан фотосуреттері мен ұрпақтары әкелген материалдарымен толықтырылады.

"1916 жылдан 1986 жылға дейінгі Қазақстандағы қуғын-сүргін тарихы" залында қуғын-сүргін құрбандарына қатысты сол кезеңнің тарихи шындықтарын ашатын зерттеу жұмыстары жинақталған. Олардың қатарында қазақ зиялылары: Ілияс Жансүгіров, Жұмахан Құдерин, Мұхамеджан Тынышпаев және т.б. туралы фото-деректі материалдар бар.

Аталған іс-шара қызметкерлердің патриоттық сезімін оятуға, жан буындардың аз да болса еліміздің тарихын танып білуіне ықпал етті. Алматы қ. ТЖД атаулы тарихи күндерді қызметкерлердің жадында сақтау мақсатында, арнайы идеологилық және тәрбие жұмыстары жоспары бекітіліп, аталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі

Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі