Өрт сөндіру көлігіне жол бермесеңіз- айыппұл төлейсіз!

Өрт сөндіру көлігіне жол бермесеңіз- айыппұл төлейсіз!

Өрт жауынгерлері  автокөлік жүргізушілерінен әрқашан арнайы техниканы өткізіп, аулалардағы өтетін жолдарға  көліктерін қалдырмауды сұрайды. Жолдарда автокөлік жүргізушілері арнайы жарық және дыбыстық сигналдарын қосып өртке, басқа да авариялық-құтқару жұмыстарына шақырылған өрт сөндіру техникасының тез келуіне кедергі келтіріп, жол ережелерін бұзатын жағдайлар көп кездеседі. Осыған орай, 15 маусымнан бастап Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаментімен бірлесіп қала көшелерінде рейдтер ұйымдастырды. Рейд барысында көлік жүргізушілерінің арнайы сигналдары бар көліктерге басымдылық беріп,   оларды алға өткізуге мүмкіндік жасайтындықтары тексерілді. Қиындыққа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу- өрт сөндіру есептерінің оқиға орнына  қаншалықты тез жететініне байланысты. Сондықтан, бірнеше секундтардың өзі үлкен маңызға ие.

Рейд барысында Жетісу ауданының ЖПҚ қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабында көзделген «Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу» бойынша 2 көлік жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Енді Жол ережелерін бұзған көлік жүргізушілер жеті айлық көрсеткіш есебімен- 19 мың 446 теңге айыппұл төлейтін болады.

Тағы бір өзекті мәселе- қала көшелері мен тұрғын үйлердің аулаларындағы өтетін жолдарға тұраққа қалдырылған жеке көліктер.  Өрт сөндіру көліктері тұраққа қалдырылған техникалардың арасынан қысылып өткенше көп уақыттарын жоғалтады.