
№ 14 Өрт сөндіру есептері 17 сағат 17 минутта Алатау ауданы Шаңырақ ықмам ауданындағы Тұрысов көшесі 86 мекенжайындағы өрт туралы хабарламаға жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенде ЗИЛ «131» авто көлігі ашық жалынмен жанып жатты. Көк жалын әрқайсы 50 литр болатын газ және оттегі толтырылған баллондар салынған авто көліктің кузовына жайылып үлгерген. Авто көлік жүйесі газ қондырғыларымен жүретіндіктен жарылыс қаупі туындады.
Жедел арада өртті сөндіріп, резервуарларды салқындату үшін «Пурга-5» көбік оқпаны жіберілді.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт 3 минутта сөндірілді, 17 сағат 35 минутта келген бірінші өрт сөндіру бөлімшелерімен 15 шаршы метр аумақты қамтыған көк жалын 17 сағат 57 минутта толықтай жойылды.
Дер кезінде жіберілген көбікті өрт оқпандарының және баллондарды салқындатудың арқасында жарылыс болмады.
8 өрт сөндіруші мен 2 бірлік техника жұмылдырылды. Қайтыс болғандар жоқ, зардап шегуші оқиға орнынан кетіп үлгерді.
Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі