
Отыз бес жыл бұрын 1989 жылы 20 мамырда Алматы қаласында орын алған тарихтағы ірі техногендік сипаттағы апат, ондаған құрбандар, өртке оранған үйлер мен қираған техникалар көрінісі әлі күнге дейін ел есінде.
Сол күнгі отқа оранған ортадан, жарылыстың эпицентрінде болған орыннан әріптестерімен бірге Сейіл Әлімтаев ауыр жарақат алған халде шығарылып, ауруханада жан тапсырды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен жойқын өртті сөндіру кезіндегі жанқиярлық әрекеттері, батылдық пен ерлігі үшін Сейіл Әлімтаевқа қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз Ордені берілді.
Бүгінде батыр әкенің сара жолын жалғастырып, Алматы қаласының гарнизонында Сейіл Әлімтаевтың қос қызы қызмет етуде.
Айгүл Сейілқызы Әлімтаева 1982 жылы дүниеге келген, азаматтық қорғау органдарында 2001 жылғы мамыр айынан бастап қызмет атқаруда. Бүгінде Алматы қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №13 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Әсел Сейілқызы өз шаңырағының отанасы және екі ұлдың анасы.
Әсел Сейілқызы Әлімтаева 1984 жылы дүниеге келген, азаматтық қорғау органдарында 2002 жылғы қараша айынан бастап қызмет атқарады. Қазіргі уақытта Алматы гарнизонының №14 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті лауазымында мінсіз қызмет етеді. Азаматтық қорғау кіші сержанты Әсел Сейілқызы байланыс орталығының барлық жұмысын толық көлемде атқаратын өте жауапты қызметкер, екі ұлдың анасы.
Бүгінгі күннің батыры - Сейіл әкенің қос қызы Алматы гарнизонының жауапты лауазымдарында қызмет етіп, азаматтық қорғау органдарындағы мінсіз қызметтері үшін ІІІ, ІІ, І дәрежелі медалдерімен және Алматы қаласы ТЖД және «ӨСжАҚЖҚ» ММ алғыс хаттарымен марапатталған.