Управление по ЧС Медеуского района, волонтеры и полиция информируют население о действиях при ЧС

Управление по ЧС Медеуского района, волонтеры и полиция информируют население  о действиях при ЧС

Алматыда-өрт қауіпті кезең маусымы басталды:

Медеу ауданының ТЖБ инспекторлары Медеу ауданының полиция басқармасымен және Lider.kz еріктілер ұйымымен бірлесіп құрғақ өсімдіктердің, сондай-ақ таулы-орман алқаптарындағы өрттердің жануын болдырмау үшін, Бутаковка шатқалы ауданында бөгетке дейін жүрген демалушылармен: Ким-Асар шатқалы, "Просвещенец  шатқалы", профилактикалық әңгімелер өткізіп өрт қауіпті кезеңінде жадынамалар мен брошюралар тапсыра отырып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы айтылды.

Сонымен қатар, ТЖБ қызметкерлері Lider.kz еріктілер ұйымымен бірлесіп Медеу ауданының сауда-ойын-сауық орталықтарына келушілермен үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды.

пәтер иелеріне , тұрғындарға "жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам", "адамдар көп жиналатын объектілердегі өрт кезіндегі іс-қимыл" және "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі" тақырыптарында брошюралар мен жадынамалар таратылып қауіпсіздік шаралары туралы айтылды.