Алматы қаласы ТЖД Ұлттық киім күнін атап өтті

Алматы қаласы ТЖД Ұлттық киім күнін атап өтті

Бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді.
Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды. Ұлттық стиль ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды
Осыған орай, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық кәжекейлерді киіп келді.