Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Нұрлан Бауыржанұлы Атығаевтың 2024 жылғы 26 ақпандағы №49 бұйрығымен Медеу және Наурызбай аудандары Төтенше жағдайлар басқармаларының бастықтары тағайындалды.
Медеу ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушысы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Данияр Меллатұлы Жүсіпов тағайындалды.
Данияр Меллатұлы 1989 жылы туылған, 2011 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітіріп, жұмыс өтілін қарауыл бастығы лауазымынан бастаған. 2022 жылы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды.
Медеу ауданында техногендік және табиғи сипаттағы барлық төтенше жағдайлардың орын алатынын, әсіресе жер мен қар көшкіндері, сел мен су басу аймақтарының болуы, сонымен қатар ғимараттардың көп орналасуын ескере отырып, Департамент басшылығы осындай тәжірибелі қызметкерді тағайындауға қолдау көрсетті.
Наурызбай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушысы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Ержан Нұрланханұлы Құрманбаев тағайындалды.
Ержан Нұрланханұлы 1984 жылы туылған, 2012 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын сырттай бітірген, азаматтық қорғау органдарында 2007 жылдан бастап, 2021 жылдан бастап Медеу ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды.
Ержан Нұрланханұлының Медеу ауданында үш жылдан астам уақыт ішінде жинаған үлкен тәжірибесін ескере отырып, Департаменттің басшылығы оны экономикасы дамып келе жатқан Наурызбай ауданына тағайындады.
Департамент бастығының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Бағдат Чайзада екі басшыны жеке құрамға таныстырып өтті.