Әуезов ауданының ТЖ басқармасының қызметкерлері пиротехника бойынша рейд жүргізді

Әуезов ауданының ТЖ басқармасының қызметкерлері пиротехника бойынша рейд жүргізді

    Әр дүкенде кез-келген талғамға сай қалта көтерерлік түрлі отшашулармен ұшқын шамдары және т.б. пиротехникалық тауарлар кездеседі. Аудан аумағындағы дүңгіршектерде бірнеше жүз килограмм болатын мерекелік көңіл көтерулер орналасқан. ТЖМ қызметкерлері сатушылардан бұйымдар бойынша растайтын құжаттамаларын тексеріп,  сату орындарының өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігін қарайды.                             Құтқарушылар мұндай рейдтерді бекер жүргізбейді. Себебі жыл сайын ондаған адам сапасыз пиротехникадан зардап шегеді. Сондықтан сіздің мерекеңіз қайғылы жағдайға айналмауы үшін - қарапайым ережелерді есте сақтаңыз.

         «Қандай жағдай болмасын пиротехниканы машиналардан сатып алудың қажеті жоқ. Мұндай өнімдерді тек арнайы орындардан алыңыз. Сатып алу кезінде жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз, сәйкестік сертификаттарын қараңыз. Отшашуды  ғимараттардан, автомобильдерден және ағаштардан 30 метрден жақын емес, орнатылған жерлерде іске қосыңыз». - Әуезов ауданының ТЖ басқармасының аға инженері азаматтық қорғау майоры Асхат Әмірбеков мәлімдеді.

        Сондай-ақ, құтқарушылар ескертеді, мас күйінде петардаларды іске қоспаңыз. Бұл нағыз қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.