ТЖД жеке құрамы Алматы музейіне экскурсия жасады

ТЖД жеке құрамы Алматы музейіне экскурсия жасады

2023 жылғы 7 желтоқсан күні Алматы қ. ТЖД жеке құрамы тәрбие және идеологиялық жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласының мың жылдық тарихын танып, танымды арттыру мақсатында - еліміздің тәуелсіздік жолынан сыр шертетін Алматы музейіне экскурсия жасады. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған, мультимедиялық құралдармен жабдықталған "Қазақ мемлекеттігінің бастауында", "Алматы ХХ ғасырда", "Желтоқсан" және т.б. керемет экспозициялық залдардан тұратын музей қызметкерлерге көптеген ақпараттар мен жаңа эмоциялар сыйлады. Тарихты тануда еліміздің қола дәуірінен қазіргі уақытқа дейінгі келбетін сипаттайтын музей жастардың патриоттық сезімін оятып, отаншылдыққа тәрбиелеуде таптырмайтын орын. Осы орайда жастарды тәрбилеуге қосқан үлесі үшін “Алматы қаласы музейлер бірлестігі” КМҚК басшылығына алғысымызды білдіреміз!