Бостандық ауданы ТЖБ қызметкерлері М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясына талапкерлерді тарту мақсатында жұмыстар жүргізді

Бостандық ауданы ТЖБ қызметкерлері  М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясына  талапкерлерді тарту мақсатында жұмыстар жүргізді

Бостандық ауданы ТЖБ қызмсеткерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясына талапкерлерді тарту мақсатында, «Радио ДАЧА» радио станциясында тыңдаушыларға түсіндіру сұхбаты берілді. Сұхбат барысында Академияға түсу ережелері және ерекшеліктері туралы айтылды. Қосымша тыңдаушыларға конкурстық іріктеудің барлық 4 кезеңі және бекітілген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықтар жеткізілді.

Сонымен қатар, Бостандық ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданы білім бөлімімен бірлесіп академияға түсу бойынша лицейлер менжалпы білім беретін мектеп басшыларымен «ZOOM» режимінде кеңес өткізілді.

Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.