Медициналық ұйымдардың қызметкерлері қауіпсіздік курстарынан өтті

Медициналық ұйымдардың қызметкерлері қауіпсіздік курстарынан өтті

2023 жылғы 23-26 қазан аралығында Алматы қаласының медициналық ұйымдарының, кәсіпорындары мен оқу орындарының қызметкерлері азаматтық қорғаныс саласындағы білімдерін жетілдіруге келді.

16 сағаттық сабақ барысында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі халықтың іс-әрекеті» тақырыбында топтық және практикалық іскерлік ойындар өткізді, онда әр топ әртүрлі төтенше жағдайларда басшылық шешімдер қабылдады.

Оқытудың бұл әдісі қызметкерлерге тыңдаушылардың қажетті дағдыларды қаншалықты меңгергенін, олар қалай ойлайтынын, жағдайды болжай алатынын және шұғыл шешімдер қабылдай алатынын және алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алатынын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сабақ шеңберінде тыңдаушыларға санитарлық ысыраптарды қабылдау пункттерінің орналасқан жерлері жеткізілді, сондай-ақ халықты ТЖ туындағаны туралы уақтылы хабардар етуге арналған «Дармен» мобильдік қосымшасының жұмыс принципі көрсетілді.

Сабаққа барлығы 49 тыңдаушы қатысты, оларға курстың қорытындысы бойынша сертификаттар берілді, әдістемелік көмек көрсетілді, ТЖ түрлі түрлері бойынша жадынамалар мен брошюралар таратылды.

 

 

Алматы қаласы ТЖД

Азаматтық қорғаныс басқармасы