
2023 жылғы 27 қазанда Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы, №17 Өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп Тоқтабаева 9 тоғыз қабатты "Нико" тұрғын үй кешенінің аумағында өртке қарсы жүйесінің жағдайы қаралып, өрт техникалық жаттығуы өткізілді.
Өрт жаттығуы кезінде өрт сөндіру автокөлігінің тұрғын үйге өту жолына кедергі туындаған жағдайда айналма жолдары қарастырылып пысықталды.