«WhatsApp» мессенджерінде ТЖ министрінің жеке құрамға арналған телефон нөмері іске қосылды

«WhatsApp» мессенджерінде ТЖ министрінің жеке құрамға арналған телефон нөмері іске қосылды

4 қыркүйектен бастап «WhatsApp» мессенджерінде ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмері іске қосылды.

ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша проблемалық сұрақтарды министрге тікелей жолдай алады.

Хабарламаны жіберген кезде аты-жөнін, лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету қажет.