
Астана күні қарсаңында Алматы қ.ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің қызметкерлері арнайы бейнеролик әзірлеп, әріптестерін мерекесімен шын жүректен құттықтады «Барлық қазақстандықтарды Астана күнімен, бейбітшілік пен келісім астанасының мерекесімен құттықтаймыз!
Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Астана – Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Алдағы уақытта да Астана қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сеніміміз мол.
Мереке құтты болсын! Туған күніңмен, елордамыз Астана!