МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАЙДЫ!

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАЙДЫ!

Маусым айының 16 жұлдызында23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай«Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Дәстүрден тағылым» атты алтыбақан ойын-сауық ән кеші болып өтті. Кешті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті заң тобының бас маманы Төлеген Нажатұлы Нүрекенов «Елге қызмет» атты өзінің шығарған өлеңімен ашып берді. Бұл кешті тамашалауға Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың  туған-туыстары келді.Домбыраның қос ішегінен төгілген ән мен күй, мың бұралған биші қыздарымыздың биі дәстүрімізден сыр шертіп, барлығымыздың жүрегімізге қуаныш сыйлады. Бұл іс-шараның өтуіне үлкен еңбегін сіңірген,елге танымал актер, аталмыш театрдың режиссері Нұржан Тутов ағамыз бен осы ән кешін ұйымдастырған Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментіне шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫ