
Алматы қаласының су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалпы су пайдалану қағидаларын және жалпы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында ТЖ Департаменті Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Алматы қаласының су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында ТЖ департаменті Суда демалып жатқан азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын түсіндірді. «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 500-ден астам жадынама таратылды.
Сондай-ақ, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жалпы су пайдалану ережелерін бұзбауға және қаланың рұқсат етілген жағажайларында ғана шомылуға кеңес береді.