
2022 жылғы 21-24 қараша аралығында Алматы қаласы ТЖ Департаментінің базасында оқу орындарының оқытушыларымен 20 сағаттық сабақ өткізілді.
Курстарға 38 мұғалім қатысты, оларға азаматтық қорғау саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезіндегі іс-әрекеттер түсіндірілді.
«Тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті ТЖ алдын алудың жүйе құраушы факторы болып табылады, сондықтан курстардан өту әрбір адам үшін, сонымен қатар білім беру саласының қызметкерлері үшін маңызды деп санаймын. Теориямен қатар біз дәрігерге дейінгі медициналық көмекті уақтылы және дұрыс көрсетуді үйрендік, бұл жүрек-өкпе реанимациясы, қан кетуді тоқтату және адам күнделікті өмірде кездесетін басқа да іс-шаралар», - дейді № 29 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Анастасия Горенская.
Оқу барысында тыңдаушылар газқағарларды кию тәртібінің дағдыларын пысықтады, құрылымдық емес сейсмикалық күшейту және «дабыл чемоданын» жинақтау туралы білуге мүмкіндік алды.
4 күндік курстың қорытындысы бойынша тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтті, онда алған білімдерін бекітіп, Алматы қаласы ТЖД-да оқудан өткені туралы сертификаттар алды.