Алматы гарнизонының өрт сөндіру бөлімдері арасында шағын футболдан өтті

Алматы гарнизонының өрт сөндіру бөлімдері арасында шағын футболдан өтті

Құтқарушылар күніне орай Алматы қаласы Төтенша жағдайлар департаментімен ҚР ТЖМ аумақтық және бағынысты ұйымдары арасында шағын футболдан жарыс өтті. Футбол алаңындағы шайқаста 10 команда кездесті.

Ұжымның бірлігі ведомство қызметкерлері үшін өте маңызды. Өйткені, түтінді бөлмеге кіріп, отпен күресіп, іздеу жұмыстарына қатысуда жолдастық қолдау мен ұжымдастықты сезіну өте маңызды. Спорт, соның ішінде шағын футбол - командалық бірлікті жақсартудың тамаша тәсілі. Бұл ойында бірлік, үйлесімділік, ойын техника және бір-бірін тыңдау – жеңіске жетудің бірден-бір жолы.

Барлық командалар соңғы секундқа дейін барын салды. Нәтижесінде финалдық матчта «ӨСжАҚЖҚ» ММ және «Метрополитен» КМК  командалары кездесті. Ойында қарқынды күрес болды. Ешкім қарсыласынан кем түскісі келмеді. Нәтижесінде:

I орын -«ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің командасына

II орын – «Метрополитен» КМК командасына ;

III орын - Алматы қаласының құтқару қызметі командасына бұйырды.