Кәсіби қызметтік дайындық аясында «Менің отбасым – менің үйім» тақырыбында семинар өткізілді

Кәсіби қызметтік дайындық аясында «Менің отбасым – менің үйім» тақырыбында семинар өткізілді

Төтенше жағдайлар департаментінде қызметкерлердің қатысуымен «Отбасы. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» тақырыбында  семинар өткізді. Семинарды «ӨСжАҚЖ» ММ бас маманы психолог Азамат Ешімбетов жүргізді

Іс-шараның мақсаты: отбасының жағымды имиджін қалыптастыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге адамгершілік қатынасты тәрбиелеу.

Азамат Ешімбетов қоғамның осы ұяшығында ұрпақтар байланысы сақталатынын, рухани және адамгершілік құндылықтарда балалар тәрбиеленетінін, дәл осы жерде тұлғаның әлеуметтенуі басталатынын және . бүкіл қоғамның болашағы жаңа ұрпақтың қалай өсетініне байланысты екенін атап өтті.

Семинар соңында А. Ешімбетов барлық қатысушыларға сүйіспеншілікті сақтауды, отбасыларын сақтауды, балалармен жиі бірлескен күндер өткізуді тіледі.

Іс-шараға барлығы 80-нен астам қызметкер қатысты.

Кадр саясаты басқармасы