Қазгидромет РМК Дауыл туралы ескертуінің негізінде, Алматы қ. ТЖД -7 қыркүйекте Алматы қаласында ауа райы ысып, сынап бағанасы 35 градусқа дейн көтерілетіні туралы хабарлайды

Қазгидромет РМК  Дауыл туралы ескертуінің  негізінде, Алматы қ. ТЖД -7 қыркүйекте Алматы қаласында ауа райы ысып, сынап бағанасы 35 градусқа дейн көтерілетіні  туралы хабарлайды

Таулы-орманды жерлерде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында және белгіленбеген жерлерде от жаққаны үшін, Орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салуға уәкілетті.
Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл сомасы 10-нан 100 айлық есеп көрсеткішке дейін белгіленген, яғни 30 мың 630 теңгеден бастап 306 мың 300 теңге дейін жетеді.
Ауыр зардаптар туындаған жағдайда кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.