
Алматы қаласының су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалпы су пайдалану қағидаларын және жалпы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында ТЖ Департаменті Жергілікті полиция қызметімен, Республикалық жедел-құтқару жасағының, қаланы құтқару қызметінің құтқарушыларымен, Қызыл Жарты Ай қоғамының және Lider KZ, «Жастар рухы» еріктілерімен бірлесіп қаланың су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Рейд барысында ТЖ Департаменті демалушылар мен суда шомылушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын түсіндіреді, сондай-ақ қалада шомылуға рұқсат етілген орындар туралы ақпарат жеткізіледі. Қазіргі уақытта «Судағы қауіпсіздік» тақырыбына 4900-ден астам жадынама таратылды.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде құлақтандыру автомобилі, сондай-ақ DJI Matrice 300 дауыс зорайтқыш құрылғысы бар пилотсыз платформа (дрон) қосылады.
Шомылу маусымы басталғаннан бері ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 364-бабы бойынша 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны немесе орындамағаны үшін 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке 7 адам тартылды.
Осыған байланысты, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ортақ су пайдалану ережелерін бұзбауды және қаланың рұқсат етілген жағажайларында ғана шомылуды ұсынады.