«Анталия» жүзу бассейні базасында РЖҚЖ-мен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарынан 15 баламен «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында сабақ өткізді

«Анталия» жүзу бассейні базасында РЖҚЖ-мен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарынан 15 баламен «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында сабақ өткізді

Департамент ҚР ТЖМ РЖҚЖ-мен бірлесіп «Анталия» жүзу бассейні базасында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 15 баламен «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында судағы жүріс-тұрыстың негізгі ережелері, суға батушыға алғашқы көмек көрсету туралы айтылды.

Айта кету керек, Департаментпен Оқушылар сарайының жүзу бассейні базасында 400 бала, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 140 бала жүзуге оқытылды. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 6 бассейнінде 2385 оқушы жүзуге оқытылды. "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында "Uniflex" жүзу бассейні базасында 490 баланы тегін оқыту жалғасуда.

2022 жылғы шомылу маусымы басталғанға дейін барлығы 3300-ге жуық бала оқытылды.

       Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Сізден жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауды сұрайды:

- тек қаланың рұқсат етілген жағажайларында шомылыңыз;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- қалқыбелгілден алыстамаңыз;

- жүзе алмасаңыз суға белден жоғары кірмеңіз;

- көпірлерден, пирстерден, қайықтардан және катамарандардан секірмеңіз;

- суға мас күйінде кірмеңіз;

- сондай-ақ, қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында шомылмаңыз;

       Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!