Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінде «Қауіпсіз су!» қауіпсіздік акциясы жалғасуда

Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінде  «Қауіпсіз су!» қауіпсіздік акциясы жалғасуда

         Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Білім басқармасымен бірлесіп бекітілген «Қауіпсіз су» қауіпсіздік акциясын өткізу жоспарын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 12 мамырында қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Судағы қауіпсіздік!» тақырыбында қабырға газеттерін әзірлеу және қауіпсіздік бұрыштарын безендіру конкурстары өткізілді.

         Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты қауіпсіздік деңгейін арттыру, алдағы 2022 жылғы шомылу маусымында су объектілерінде демалу кезінде балалардың жазатайым оқиғалары мен жарақаттануына жол бермеу болып табылады.

Алдағы уақытта жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен сынып сағаттары жоспарланған, онда судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері жеткізілетін болады.