«Қауіпті өндірістік объектілердің басшылары» Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде оқытудан өтті

«Қауіпті өндірістік объектілердің басшылары»  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде оқытудан өтті

 Азаматтық қорғау саласындағы 2022 оқу жылына арналған оқыту жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 3-6 мамыр аралығында Алматы қаласы ТЖ департаментінің базасында қаланың қауіпті өндірістік объектілерінің басшылары үшін 7 адам көлемінде оқу сабақтары өткізілді.

Осы сабақтардың мақсаты тыңдаушыларға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, объектілерде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу бойынша кәсіби дағдыларды үйрету, сондай-ақ тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне оқыту болып табылады.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға улы зат - аммиакты өндірісте пайдаланатын қаланың химиялық қауіпті объектілері, апат болған жағдайда жұқтыру алаңдары, зардап шегуші халықтың және әртүрлі санаттағы объектілердің саны, осы жағдай кезіндегі негізгі  іс-қимылдар, сондай-ақ зақымданған жағдайда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету шаралары туралы ақпарат жеткізілді.

Оқу сабақтарының қорытындысы бойынша тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтті, онда жоғары білім деңгейін көрсетті және оқытудан өткені туралы тиісті сертификаттар алды.