Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 80 студентті табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйретті.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 80 студентті табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйретті.

Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне дайындық және өткізу аясында Төтенше жағдайлар департаментінің Алматы қаласы бойынша Азаматтық қорғаныс басқармасы ағымдағы жылдың 21 ақпанында «Республикалық спорт колледжі» РМК базасында колледж студенттерімен «1 наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні», «Тыныс алу мүшелері мен теріге арналған жеке қорғаныс құралдары», «Дабыл шабаданың толық жинағы», «Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы көмек» тақырыптарында көшпелі сабақ өткізді.
Оқыту барысында студенттерге төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттерінің орналасу орындары, олар туралы ақпарат 2GIS Almaty платформасында және ТЖД ресми сайтында орналастырылған және Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс принципі туралы ақпарат берілді. DARMEN мобильді қосымшасы көрсетілді, нәтижесінде бағдарлама студенттермен орнатылды. Оқыған студенттердің жалпы саны 80 адамды құрады. Сондай-ақ, «Абайлаңыз, жұқа мұз», «Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу ережелері», «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам», «Дабыл шабадан», " Өрт кезіндегі 5 қарапайым қадам" тақырыптарында 400 парақшалар мен брошюралар таратылды.